Полиция Көкшетау станциясында Пәкістанның бес азаматын ұстады

Пәкістан Республикасының 21, 36, 39, 41 және 42 жастағы азаматтары визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық бұзушылар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің біріне 15 АЕК айыппұл салынса, қалған құқық бұзушылардың материалдары шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!