Пхукетте бетперде киюден бас тартқандар қамауға алынады

Пхукет аралының билігі қоғамдық орындарда бетперде кимеген туристерге қарсы қатаң шаралар қабылдауға уәде берді. Жергілікті заңнама бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережені бұзушыларға айыппұл салынып, тіпті бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметінің бастығы Танет Сукчайттің айтуынша, Пхукеттегі демалушылар қоғамдық орындарда бетперде кимегендіктен, жергілікті билік жұқпалы аурулар жөніндегі комитеттің талаптарын қатаң сақтауға шешім шығарған. Пхукет губернаторы Наронг Вунсиу аралдағы 22 елдің консулдарынан өз азаматтарына бетперде тағу  туралы хабарлауды сұраған.

"Тәртіп бұзушылар қамауға алынып, жауапқа тартылады. Пхукет Денсаулық сақтау басқармасына тиісті шағымдарды дайындау тапсырылды. Үлгі болу керек", - деп атап өтті шенеунік.

Ережені сақтауды қамтамасыз ету үшін жедел топ құру жоспарланған. Жергілікті полиция бастаманы қабылдайды және негізгі аудандардағы адамдарды, соның ішінде Сой Бангла және Патонгты тексереді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!