Петропавл әуежайының қауіпсіздік сертификатының мерзімі өтті. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстігіне бағытталған рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Qazaq Air компаниясының сайтында Петропавлға бағытталған рейстер тоқтатылғаны хабарланған.
"Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға байланысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында барлық рейстің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды", - делінген Qazaq Air авиакомпаниясының сайтында.
Жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылды. Қайтару билеттерді сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады. Тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан - Петропавл және кері бағыт бойынша әуе қатынасы жаңартылған.
Жергілікті басылым мәліметінше, желтоқсанға жоспарланған Петропавл - Омск - Новосібір бағыты бойынша халықаралық рейстер кестеден жоғалып кеткен.
Басылым мәліметінше, SCAT әуекомпаниясының сайтында әзірше Түркістан - Петропавл бағыты бойынша билет сатып алуға болады, бірақ ол да жақын арада өзгеруі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!