Желіде "Ертіс орманы" мемлекеттік орман қорығы аумағында түсірілген бұлан мен бұзауының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Видео ұйымның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.
"Бұл жолы жануарлар су ішетін шұңқыр маңында орнатылған фототұзаққа бұлан мен бұзауы түсіп қалды. Негізгі биотехникалық шаралардың бірі – жасанды суару орындарын салу. Сусыз тіршілік жоқ. Су ресурстарының арқасында ормандағы жануарлар саны азаймайды, тек көбейеді", - делінген резерват хабарламасында.
Айта кетейік, орманда 50-ден аса жасанды суару орындары бар.
Видео астында қазірдің өзінде әлеуметтік желі қолданушылары жануарлар мен табиғаттың сұлулығын қорғау маңызды екенін атап өтті.
"Сондай сүйкімді!", "Қандай әдемі еді", "Сұлу" - деп таңғалып, пікір білдірді қолданушылар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!