Алматы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Аюсай шатқалында тас көшкініне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"7 сәуірде Алматы қалалық ТЖД ұсынысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "бірінші сарқырама" ауданындағы туристік соқпақтағы Аюсай визит-орталығымен қызметкерлерінің қатарынан шектеу блок-бекеті орнатылды. 10 сәуірде, күннің екінші жартысында "екінші" және "үшінші" сарқырамаға баратын жолда тас көшкіні болды", - деді Алматы ТЖД өкілдері.
"Қазселденқорғау" мамандарының шамамен бағалауынша түскен тастардың көлемі 5 текше метр болған.
"Халықтың тауға шығуын шектеу бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларына байланысты құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мүдделі ұйымдармен блок-бекеттер қою бойынша профилактикалық жұмыс жалғасады", - деп қорытындылады Алматы қаласы ТЖ Департаментінің өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыған дейін "Аюсай" визит-орталығының қызметкерлері Instagram желісінде Аюсай шатқалында сарқырамаларға барар жолда тастар құлады, ол тосқауыл тор мен ескерту тақталарын бұзып кетті. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша ТЖД екінші және үшінші сарқырамаларға ғана емес, бірінші сарқырамаларға да баруға тыйым салды.
"Аюсай сарқырамаларына экскурсияларды тоқтатуға мәжбүрміз. Сіздердің көпшілігіңіз тауларда серуендеуді және шытырман оқиғаларды жақсы көретініңізді түсінеміз, бірақ туристердің қауіпсіздігі біздің басымдығымыз. Біз Аюсай шатқалының барлық қонақтарын тәуекелге бармауға және серуендеу үшін қауіпсіз маршруттарды таңдауға шақырамыз, мысалы, Мың көз жолы. Аюсай шатқалына бару мүлдем қауіпсіз болғаннан кейін, біз бұл туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Сіздің түсінігіңізге үміттенеміз", - деп жазды визит-орталық қызметкерлері.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!