Өскеменде турфирма тұрғындарды 100 миллион теңгеге сан соқтырған

Зардап шеккен 40-тан аса адам полицияға барып, туристік фирмаға шағым түсірген. Олардың жалпы шығыны 100 млн теңгеге бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға жүгінгендердің арасында бұрын осы туристік фирманың қызметтерін пайдаланғандармен қоса, бірінші рет шетелге саяхаттайын деп отырғандары да бар. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының жас футболшылары көктемде Түркиядағы халықаралық турнирге қатысуы керек еді. Енді олардың баруы екіталай.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында турфирма иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!