Орал әуежайы уақытша жабылады

Мәншүк Мәметова атынадағы Орал халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге үшуларды тоқтатады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana әуекомпаниясы әуеайлақтың жабылуына байланысты кестеге өзгертулер енгізді.

"Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай жермен жүру жолын 8-10 қазан аралығында жөндеуге байланысты жабылады. Сондықтан осы кезеңде әуекомпания Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерді тоқтатуға мәжбүр", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады. Қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласуға болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!