Швейцариялық Julius Baer Group банкі Global Wealth and Lifestyle Report-тің жаңа есебін жариялады, онда әлемдегі өмір сүру ең қымбат қалалардың тізімі көрсетілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34travel.me басылымына сілтеме жасап.
Қаржы сарапшылары тауарлар себеті мен "қамсыз өмір" үшін қажетті қызметтер бағасын саралапты. Осылайша, шығыны ең көп - ол азиялық мегаполис тұрғындары екен. Сингапур алғаш рет бірінші орынға шықты, екінші орында Шанхай, ал үшінші - Гонконг. Азия елдері төртінші жыл қатар жақсы өмір үшін ең шығынды орын болып отыр.
Ал еуропалық елдер керісінше, рейтингте төмендеген. Былтыр Лондон екінші болса, биыл төртке түсіпті. Монаконы есептемесе, Лондон алғашқы ондықтағы жалғыз еуропалық ел болып тұр.
2023 жылы өмір сүру ең қымбат қалалардың ондығы:
- Сингапур
- Шанхай
- Гонконг
- Лондон
- Нью-Йорк
- Монако
- Дубай
- Тайбэй
- Сан-Паулу
- Майами
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.