Нұр-Сұлтаннан Нью-Йоркке рейс қашан іске қосылады?

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс қашан іске қосылатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Категории 1" алудың бірінші кезеңін бастаған, соның нәтижесінде FAA (АҚШ-тың федералдық азаматтық авиация басқармасы) Қазақстандағы авиация қауіпсіздігін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін техникалық тексерістен өткізеді.

"Тікелей рейстер 2024 жылдың соңында - 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланған", - деп жауап берді комитет өкілдері редакцияның сауалына. 

Келісім аясында екі тарапта шектеулер болмайды: тасымалдау саны бойынша, белгіленген пункттер және жиілілік, "ашық аспан" режимі аясындағы әуе кеңістігіндегі еркіндіктің "бесінші дәрежесі".

"Астана халықаралық қаржы орталығының транспорттық қолжетімділікті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан - Нью-Йорк бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған", - деді ААК өкілдері. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!