Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург рейсі 9 қазанда қайта ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санкт-Петербург, Ресей. @Shuttestock Санкт-Петербург, Ресей. @Shuttestock

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Санкт-Петербургке тұрақты рейсті жаңартады , - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Санкт-Петербургке тұрақты рейсті жаңартады , - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпанияның мәліметінше, Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург рейсі 9 қазаннан бастап қалпына келтіріліп, алдымен сенбіде, ал қарашадан бастап сәрсенбіде орындалады.

13 қыркүйекте Ресей үкіметі Мәскеу - Нұр-Сұлтан маршруттары бойынша рейстерді үштен жетіге дейін және Мәскеу - Алматы маршруттары бойынша аптасына екіден жеті рейске дейін ұлғайту, сондай-ақ Мәскеу - Қарағанды, Мәскеу - Шымкент, Мәскеу - Ақтау, Мәскеу - Қостанай, Санкт-Петербург - Нұр-Сұлтан, Махачкала - Ақтау, Грозный - Ақтау, Калининград - Алматы, Калининград - Нұр-Сұлтан, Новосибирск - Нұр-Сұлтан, Омбы - Нұр-Сұлтан, Омбы - Павлодар, Омбы - Петропавл бағыттары бойынша аптасына бір рейсті жүзеге асыру жоспары туралы хабарлаған.

Кейінірек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 21 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы рейстер жиілігінің артуына байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 54-ке дейін көбейетінін хабарлады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная