Нұр-Сұлтан - Жезқазған рейсінің саны артады

Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша рейстер саны екі есеге артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтінішке, сондай-ақ ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуеқатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР ИИДМ Авиация комитеті Qazaq Air әуекомпаниясымен жұмыс жүргізді.

15 тамыздан бастап Qazaq Air авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттырады.

Осылайша, Ұлытау облысының орталығы мен елорда арасындағы әуеқатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!