Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш бағытында рейстер саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Александр Власюк © Александр Власюк

"Южное небо" әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш әуе бағыттарында "Qazaq Air" екінші тасымалдаушысы іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Южное небо" әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш әуе бағыттарында "Qazaq Air" екінші тасымалдаушысы іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Осылайша, Нұр-Сұлтан - Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 9 000 теңге. Алматы-Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 10 000-14 000 теңге. "Qazaq Air" әуе компаниясы "Bombardier Q400" әуе кемелерімен ұшуды орындайды.

Сондай - ақ, Ақтау - Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтылды. Рейстер "SCAT" әуе компаниясының "CRJ2" әуе кемелерімен орындалады, тарифі 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін. SCAT әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсті ашады деп күтіледі. Рейстер "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная