Нұр-Сұлтан әуежайында билетсіз тұрақ төлемі енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әуежайында тұрақ қызметтеріне билетсіз ақы төлеу 1 шілдеден бастап қолданыла бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әуежайында тұрақ қызметтеріне билетсіз ақы төлеу 1 шілдеден бастап қолданыла бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, шлагбаумды көліктің кіруі мен шығуын тіркейтін камера басқарады. Автотұраққа рұқсат беру 99 пайыз дәлдікпен авто нөмірін тану алгоритмінің көмегімен жүзеге асырылады.

Бүгінде тұрақ ақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады:

1) Kaspi QR, Halyk QR қосымшалары арқылы;
2) қолма-қол ақшамен;
3) әуежай ғимараттарында орналасқан төлем терминалдарында банк картасымен жүзеге асырылады.

Жақын арада NQZ мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болады. Жүйе қажетті соманы автоматты түрде есептен шығара алады.

"Әуежай ғимараттарында кептеліс тудырмас үшін төлем жасауды сұраймыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңа жүйе қағаз немесе пластик билеттерді сатып алу қажеттілігін жояды және операциялық шығындардың, көмірсутегі ізінің, вирустық аурулардың қысқаруына алып келеді және клиенттік тәжірибені едәуір жақсартады.

Сіз саяхатыңызды Aviata.kz-пен жоспарлай аласыз. Бұл - әлемнің кез келген нүктесінен үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, түрлі бағытта т/ж және әуе билеттерін жылдам табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Авиа және т/ж билеттерін сатып алу үшін "Авиата" қосымшасын сілтеме арқылы орнатуға болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная