Нұр-Сұлтан әуежайы 2022 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін күндізгі уақытта жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Әуе айлағы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы күндері елордалық әуежайда ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізіледі. Нысанның жұмыс уақыты жеті сағатқа қысқарады, яғни Нұр-Сұлтаннан ұшуға немесе нұр-Сұлтанға тек таңертең, кешке немесе түнде ұшуға болады. 11.00-ден 18.00-ге дейін рейстер болмайды. 75 рейстің 20-сының кестесі өзгереді.
"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпанында қабылдады, содан кейін жұмыс кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақытылы жіберілді. Тасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Сатып алынған билеттерді жолаушылар айыппұлсыз қайтара алады. Бұл туралы брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежай басқармасы төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов нақтылады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!