New York Times Алматыны 2024 жылдың ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді

The New York Times жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады. Танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25 орында тұр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Редакция тілшілері былай деп жазған: "Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шахар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген "нео-номадтар" асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері - керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз".

Мақала Әулие Вознесенск соборының фотосуретімен бірге жүреді.

"Қазақстан кейінгі жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді", - ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы - бұл рейтингке енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!