Наурыз айына теміржол билеттері қайта сатыла бастады

Наурыз айына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі азаматтарға билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және вокзал мен жеке компаниялардың билет кассаларынан сатып алуға болады.

Осы ретте, жолаушыларға өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, сондай-ақ билетте көрсетілген пойыздың жөнелту және келу уақытына назар аударуға кеңес беріледі, - делінген компания хабарламасында.

Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Айта кетейік, өткен айда қазақстандықтар пойыз қозғалысы кестесіне түзетулер енгізілгендіктен наурыз айына теміржол билеттерін ала алмаған еді. Себебі биыл 1400 шақырымға жуық шойынжолды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!