Мұнда сұлу Баянның жүрегі жараланды. Сабындыкөл жайлы әдемі аңыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

@ayoka.713 @ayoka.713

Қазақстандықтар биыл демалу үшін туған жер табиғатын таңдауда. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Баянауыл ұлттық саябағындағы ерекше су қоймасы, аймақтағы ең үлкен көл туралы әңгімелейді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар биыл демалу үшін туған жер табиғатын таңдауда. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Баянауыл ұлттық саябағындағы ерекше су қоймасы, аймақтағы ең үлкен көл туралы әңгімелейді.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (немесе қысқаша Баянауыл) - бұл Қазақстандағы алғашқы ұлттық саябақ. Ол 1985 жылы ашылды. Саябақтың аумағында тұщы суы бар төрт терең көл бар - Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр және Біржанкөл.

@yessen1702

Сабындыкөл Баянауылдағы ең үлкен су қоймасы болып саналады, оның атауы шынымен де, "сабынды көл" дегенді білдіреді. Су қоймасының көлемі жеті шақырым қашықтықты құрайды, көл жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымал демалыс орны болып табылады.

Сабындыкөлдің суының ерекшелігіне байланысты құрылған әдемі аңыз бар. Аңызда Баян сұлу мен Қозының махаббаты жайлы айтылады. Аңыз бойынша, Қозы бақталасы Қодармен айқаста трагедиялық қазаға ұшырайды. Баян қай жеңгеніне тұрмысқа шығуға бел байлайды. Бірақ бір ғана шарт - жеңген адам терең құдық қазуы керек, Қодар құдық қазуға кіріседі.

Жұмыс барысында оны тек Баянның ұзын бұрымы ұстап тұрған екен. Кенет қыз шашын кесіп жібереді де, Қодар құдықтан шыға алмай, мерт болады. Осылайша қыз сүймеген жігітке тұрмысқа шығудан құтылады.

@dinara_diti

Аңыз бойынша, ару қыз Сабындыкөлде шашын жуып, абайсызда суға сабынын түісіріп алған екен, сабын көлдің суын жұмсартып, жағасына ақ көбік пайда болыпты. Сол аумақты қоршаған асқақ таулар да аңыз бойынша сұлу Баянның есімімен Баянтау деп аталған екен. Ал қыздың тарағын түсіріп алған жерінде Тарақ атты тау пайда болған екен.

@yessen1702

Зерттеуші-ғалымдар көлдің ерекше қасиетін былай түсіндіреді: көл суы ерекше гидрокарбонатты-натрий құрамды болып келгендіктен, суы жұмсақ, әрі көбікті болады.

Туристер Сабындыкөлге ұмытылмас әсер алып, табиғатпен етене жақындасып, сергу үшін келеді. Демалыс орнында немесе қонақүйде түнеуге, Баянауылдан үй жалға алуға да болады.

@alex_90303

Қызықты дерек

Сабындыкөл Нияз бен Ақпет тауларының арасында орналасқан. Көл алмұрт тәрізді, жағалау сызығы да орамалы болып келеді. Оңтүстік-шығыс және солтүстік жағалауы тік және жартасты, олардың биіктігі он метрге дейін жетеді. Шығыс жағалауы құмды. Су қоймасының орташа тереңдігі шамамен алты метр.

Бұл жерде балық аулау сирек, көлде балық аз, бірақ табанды балықшылар шортан, қайың немесе алабұға аулай алады. Онда демалушыларға балықтан көктал ұсынылады. Осы су қоймасының суларында шаяндар да кездеседі, бұл демалыс орнының тазалығын меңзейді.

@mc_kanysh

Көлде демалуға қажеттінің бәрі бар, шомылуға арналған жағажайлар, жағада бірнеше демалыс орындары мен дәмханалар, балалар ойнайтын алаңдар орналасқан. Бұл жердің тағы бір ерекшелігі - климаты, жаз айларында Баянауылда өте ашық, жылы болады. Жұмсақ климат пен әсем табиғат туристердің есінен көпке дейін кетпесі анық.

Баянауыл ауданы - республикадағы ең көрікті жерлердің бірі, сондықтан Сабындыкөл маңында бірнеше серуендейтін бағыттар ашылған, олар - атпен, велосипедпен және жаяу серуен.

@alexanderanissov

Сабындыкөлдегі демалыс туристердің жасына, қалтасына қарамайды. Табиғи серуеннен бөлек, мұнда жеміс-жидек пен саңырауқұлақ теріп, орманды аралауға болады. Жеміс-жидектер бұл жердің ерекше климатына қарай өте көп, сонымен қатар, көл жағасында кәуап жасап, демалуға да болады.

Қайда орналасқан?

Ұлттық саябақ Павлодар облысының оңтүстігінде (Баянауыл ауданында), Екібастұз қаласынан жүз шақырым қашықтықта орналасқан, бұл Орталық Қазақстан төбелерінің шеті болып саналады.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная