Мұнда "Сақиналар әміршісі" фильмін түсіруге болар еді. Қазақстандық Стоунхендж - Ақ бауыр несімен қызықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет @savelyeva_ad Сурет @savelyeva_ad

Саяхаттау - бұл тек қана жаңа шытырман оқиғалар ғана емес, сонымен қатар жаңа ойларға жол ашар, ақыл-ойды жетілдірер мүмкіндік. Ғалымдар ондаған жылдар бойы Ақ Бауыр сырын зерттеумен келеді - бұл ежелгі "амфитеатр" іспетті, оның шынайы қызметі әлі күнге дейін белгісіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге, қазақстандық Стоунхендж деп аталатын бұл ескерткіш несімен қызықтыратыны туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Саяхаттау - бұл тек қана жаңа шытырман оқиғалар ғана емес, сонымен қатар жаңа ойларға жол ашар, ақыл-ойды жетілдірер мүмкіндік. Ғалымдар ондаған жылдар бойы Ақ Бауыр сырын зерттеумен келеді - бұл ежелгі "амфитеатр" іспетті, оның шынайы қызметі әлі күнге дейін белгісіз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге, қазақстандық Стоунхендж деп аталатын бұл ескерткіш несімен қызықтыратыны туралы баяндайды.

Өскеменнен жарты сағаттық жолда Бестерек ауылының маңында 25 метрлік тас амфитеатрға "жасырылған" конус тәрізді үңгірі бар қола дәуірінің ескерткіші бар.


Ақ бауыр, фото © etnografiavko.kz

Мұның бәрі ежелгі адамдар жасаған тас қабырғалармен қоршалған.


Сурет www.sv70.com сайтынан

"Амфитеатр" деп аталатын үңгір айналасында көптеген басқа тас нысандар, ерекше қызығушылық тудыратын құрылымдар бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ольга Шевченко (@shev4a)

Бұл кешен "Ақ бауыр" деп аталады. Кешен Қоржынбай тауының етегінде орналасқан. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 801 метр биіктікте. Оның қасында Сорокин тауы, қазіргі Қызылтас бар, ол әлдеқайда биік.


Сурет www.sv70.com сайтынан

Атауының бірнеше нұсқалары бар. Біріншісі - "ақ бауыр", өйткені үңгірдің пішіні бауырға ұқсастығына байланысты, ал ақ - тастың түсі. Ал екіншісі - "бауыр" - іні. Бұл Қызылтас тауына қатысты Қоржынбай тауының атауы болуы мүмкін.


Сорокин тауы, фото @savelyeva_ad

Мұндағы ең қызықты орын үңгір болып саналады. Оның ұзындығы тоғыз метр, ені төрт жарым, ал биіктігі екі метрге жетеді. Үңгірге кіру үшін тауға көтерілу керек. Археологтар айтқандай, бұл көтерілу аспанға, жоғарғы әлемге көтерілуді білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының "Ақ Бауыр" ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Галина Петеневаның айтуынша, бұл жердің ең таңғаларлық жері - көне жазулар мен сызбалар.

"Үңгірде бүкіл әлемдегі археологтарды қызықтыратын жазулар бар. Ғалымдар мұнда сексенге жуық элементтерді санады. Олардың бастысы - нүктелер, шеңберлер, кресттер, зигзаг белгілері. Бұл өте схемалық және геометриялық түрде жасалған. Мұндай кескіндеме тек энеолиттен қолаға ауысу кезеңінде болған. Суреттер қоңыр бояумен салынған", - дейді ол.


Үңгірдегі тас жазуы, фото @savelyeva_ad

Үңгірдің ішіндегі жүрек тәрізді ойық та қызық. Сонымен, археологтар барлық сызбаларды оқып, шатырдың құрылымын ескере отырып, осы жердің қызметтері туралы әр түрлі нұсқалар айтады. Бірінші нұсқа қарапайым - адам көрген-білгендерінің бәрін және айналада болып жатқан оқиғаларды бейнелеген. Үңгірде ешкі, бұғы, тұрғын үйдің сұлбасы, екі доңғалақты арба, бұқа және адамдар бейнеленген. Галина Петенева басқа нұсқалар туралы айтады: бұл ежелгі қасиетті орын, оның ішінде маусымдық-күнтізбелік цикл рәсімдері өтетін орын болған.


Үңгірдегі жүрек мүсініндегі "терезе", фото @savelyeva_ad

"Үшінші нұсқа екіншісімен тығыз байланысты - адамдар жұлдыздарды үңгір төбесіндегі тесіктерден бақылады. Ал сызбалар астрономиялық белгілер болып табылады. Яғни үңгір негізінен обсерватория болған. Төртінші жазулар бұл жазбалар жазудың шығу тегі - пиктограмма",- дейді ғалым.


Ақ баур үңгірінен көрініс, фото @rinalium

Мұның мистикалық нұсқасы да бар. Бұл аздап фантастикалық болып көрінеді, бірақ оны ғалымдар зерттеуде. Ежелгі наным-сенімдер бойынша Ақ Бауыр әлемнің орталығы, аспан мен жердің түйіскен жері болып саналды. Шындығында, бүкіл кешен күн батқан кезде тастар арасынан жарық өтіп, үңгір қуысы ерекше қуатқа толатындай көрініс береді. Бұл теория бойынша деректер өте аз. Алайда, бұл шындыққа жанасады, өйткені көптеген туристер мұнда қуатты энергияны сезінеді.

Жартастағы жазулар адамзаттың құтқарылу жолын көрсетеді деген нұсқаны ғалым Е.В. Курдаков ұсынды. Ол үңгірде діни қызметкерлер оңтүстік пен солтүстікке қарай тайпалар мұздан кейінгі кезеңде тіршілік ету үшін көшкен жолды көрсетті деп сенді. Ал философ, саяхатшы, суретші, археолог Николас Рерих Ақ Бауырды ашық аспан астындағы ғибадатхана деп атады. Мұнда, оның пікірінше, мыңдаған жылдар бұрын құпия білімі бар діни қызметкерлер өмір сүрген. Ол "Жыландар жеңімпазы" картинасында үңгірде тасқа салынған суреттердің бірін бейнелеген.


Н.К. Рерих "Победитель Змия", 1925 год  

Қызық дерек

Әлемдегі мұндай қасиетті орындардың көпшілігі ендік бойынша 50 градуста орналасқан. Стоунхендж, Чехиядағы ежелгі обсерватория Макотржа алаңы, Германиядағы Госек шеңберіндегі тас дәуіріндегі қасиетті орын, Ресейлік Аркаим - бұл құрылымдардың барлығы 50-ші ендікте орналасқан. Координаттардың нақты сандарын мына жерден табуға болады.


Стоунхендж © Shutterstock

Осы жерге барған турист Дмитрий Вишневский, керемет фантастикалық қабір тонаушылардың бірі Индиана Джонстың өзі осында болуды армандаған болар еді дейді.

"Біздің Қазақстан қандай бай және біліммен сусындалған! Олар бұл жер мен көктің арасындағы шекара дейді. Мен бұл жерлерге велосипедпен, жазда, 30 градус ыстықта келдім. Бірақ ежелгі монахтар айтқандай, "Жол қанша қиын болса, соғұрлым тәтті болады" дегенмен, көргендерім мені бей-жай қалдырмады. Егер сіз суретті дұрыс тұстан түсіріп, "кинодағыдай" киім киіп алсаңыз, онда фильм түсіруге болады, себебі, бұл "Сақиналардың әміршісі" фильмінің стилі, - дейді ол.

Қоржымбай тауының ең биік нүктесінен көрініс, фото Дмитрий Вишневский

Саяхатшы Ақ Бауырға бару өткенге сапар шеккенмен бірдей дейді.

Үңгірдің жоғарғы жағында және жартастың бүйірлерінде кесе тәрізді таңғажайып ойпаң тесіктер көп. Олардың пішіні бірдей және мөлшері әр түрлі. Ғалымдар олардың қалай пайда болғандығы және қандай қызмет атқарғаны туралы әлі күнге дейін ортақ пікірге келе алмады. Үңгірдің "төбесінде" орналасқан тостағандарға су жиналады. Осы саңылаулардың шығу тегі туралы айта отырып, археологтардың көпшілігі олардың жасанды, яғни адам жасағанымен келіседі.

Тостағандар су жинау, рәсімдік сусынды, құрбандық суын жинау және сәуегейлік үшін қолданылған деп болжануда. Ежелгі бақсылар оларды болашақты болжау үшін қолданған деген нұсқа да бар. Олар ғұрыптық сүйектерді осы тесіктерге лақтырып, олардың қалай құлағанына және тесіктерге түсіп кеткендігіне қарап болжаған.


Ақ баур тауының шыңы, фото @aabduvali_

Ақ Бауыр аумағымен іргелес жерлерде ғалымдар осы уақытқа дейін әр түрлі хронологияның жаңа артефактілері мен ескерткіштерін табуда. Мысалы, 2019 жылы ерте сақ тайпаларының ежелгі қонысында қазба жұмыстары басталды. Зерттеулер 2020 жылы жүргізіліп, оны 2021 жылы жалғастыру жоспарланып отыр.

Қызықты дерек

Шығыс Қазақстан аймақтық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы бұл жерлерде ашық аспан астындағы мұражай құру мүмкіндігін қарастыруда. Сәулетшілер мұражай мен облыс әкімшілігіне кешенді жобалаудың үш нұсқасын ұсынды. Олардың бірі өзге ғаламшарлық ұшу кемесіне ұқсайды.


Сақтардың тұрмысы, қазба жұмыстары

"Соңғы деректер бұл жерде қоныстар болғанын көрсетеді. Екінші жағынан, табылған заттарды рәсімдерге жатқызуға болады. Көптеген қыштан құйылған ыдыстар, тастан қашалған еңбек құралдары - кетпен, тесе, шапқы, дәнүккіш, құмыралар. Ғалымдар мұны сенсация деп санайды. Себебі, бұл қоныстар сақтардың отырықшы болғандығын дәлелдейді",- дейді ғалым Галина Петенева.

Қызықты дерек

Бұл жерлерге астрономиялық объектілерді - Күнді, Айды, ғаламшарлар мен шоқжұлдыздарды бақылау кезінде ежелгі заман және қазіргі уақытта Ақ Бауырдың мүмкіндігін көрсету мақсатында астротурлар ұйымдастырылған. Бұл Шығыс Қазақстан облысында туризм саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде астротуризмді дамытудың алғашқы тәжірибесі болды.


Фото Дмитрия Вишневского

Туристер үшін пайдалы ақпарат

Ақ Бауыр өзен, сарқырамалар мен тауы жоқ жерде орналасқан. Мұнда сіз жартастағы суреттерді, жазуларды зерттеп, осынау жазбалар арқылы ата-бабамыздың нені айтпақшы болғанын зерделеу. Сондықтан мұнда күндізгі және жылы мезгілде келген дұрыс. Кешен 09.00-ден 18.00-ге дейін келушілер үшін ашық.

Туристер үшін демалып, ауқаттанып алуға болатын жайлы орындар бар. Алайда, Ақ бауырда от жағуға, кәуап пісіруге, алкогольді ішімдіктер ішуге тыйым салынған. Бүкіл аумақ, 63 гектар жер, тәулік бойы күзетпен қоршалған. Билет ересектер үшін 400 теңге, студенттер мен зейнеткерлер үшін 200 теңгені құрайды. 15 жасқа дейінгі балалар мен мектеп оқушылары бұл ескерткішті тегін көре алады.

Қазіргі уақытта пандемияға байланысты туристерді бұл жерге апармайды, өйткені көпшіліктің жиылуына тыйым салынған. Алайда, Ақ Бауыр жалғыз адам үшін ашық. Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.


Қоржымбай тауынан көрініс, фото @aabduvali_

Ақ Бауырға гидпен келген дұрыс. Ол үңгірдің қызықты тарихы туралы баяндайды және барлық суреттерді мағыналарын түсіндіре отырып көрсете алады. Тарихи-танымдық экскурсияларды ұйымдастыру үшін сіз Ақ Бауыр айналасында экскурсиялар жүргізетін және Өскеменде орналасқан компаниялармен байланыса аласыз.

Сіз Өскеменнен Самара тас жолы бойымен қазақстандық Стоунхенджге дейін жете аласыз. Сізге Самсоновка ауылынан өтіп, Сибинские көлі мен Сағыр ауылынан бұрылуыңыз қажет. Жолда "Ақ бауыр" деген белгі болады.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная