Көктемгі мереке күндері 860 мыңнан аса жолаушы ҚТЖ пойыздарын пайдаланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көктемгі мереке күндері, яғни 7-9 және 17-26 наурыз аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 860 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.
"Сондай-ақ мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент-Ақтөбе және Павлодар-Астана қатынасындағы пойыздар сұранысқа ие болды. Жолаушылар 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жиі пойызға отырған", - делінген компания хабарламасында.
Мереке күндері тасымалдауға деген сұраныстың жоғарлауына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам орын ұсынды. Сонымен қатар қала маңындағы бағыттарға электрпойыздарының 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды.
Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 13 миллионнан астам жолаушы жүреді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!