Алматыда "Медеу" БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін "Samal" қонақүйінен селден қорғау құрылымдары мен "Экобекет" аялдамасына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланатыны айтылды.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!