"Медеу" мұз айдынында қашан сырғанауға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Медеу" мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Медеу" мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Нысанның Instagram желісіндегі ресми аккаунтында қысқы сырғанау мерзімі қашан басталатыны туралы мәлімет жарияланды.

"Медеу мұз айдыны өз есігін 15 қараша күні айқара ашады. Осы сәтте біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз! Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады", - делінген хабарламада.

Кешеннің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, тегін кіру мынадай тұлғаларға қарастырылған:

  • 0-6 жасар балаларға;
  • зейнеткерлерге;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар;
  • 1986-1987 жылдары Чернобль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандарға;
  • 18-ге толмаған көпбалалы отбасы мүшелеріне;
  • балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

"Бұл адамдар бақылау-өткізу пунктінде растайтын құжаттарын көрсетуі керек. Бірге ілесіп жүретін адамдар кіру билетінің құнын төлеуі керек", - делінген ресми сайттағы мәлімдемеде.

Баспасөз қызметінің өкілдері билеттердің сатылымы коньки тебу сессиясының аяқталуына 15 минут қалғанда аяқталатынын айтады. Коньки тебу құқығын беретін төленген кіру билеттері және ондағы қызметтер тек билетте көрсетілген күн мен сеанс үшін ғана жарамды.

Айта кетейік, мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте салынған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная