“Медеу“ мұз айдыны демалушылар легіне дайындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com / Passcal Фото:depositphotos.com / Passcal

Желіде Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында адамдар толы болып жүрген видеолар жиі кездеседі. Қала әкімі Ерболат Досаев бұл видеоларға қатысты пікір білдіріп, мұз айдынын жаңғырту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында адамдар толы болып жүрген видеолар жиі кездеседі. Қала әкімі Ерболат Досаев бұл видеоларға қатысты пікір білдіріп, мұз айдынын жаңғырту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Брифинг барысында әкімге "Медеу" мұз айдынына келушілер ағыны қалай реттеліп жатқаны және жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған ғимарат мұндай жүктемеге шыдай ала ма деген сұрақ қойылды.

"Медеу" Алматының ең тартымды орындарының қатарында қала береді. Қала тұрғындарына, қонақтарға, туристерге арналған орын. Жыл басынан бері мұнда 400 мың адам келді. Сондықтан біз былтыр оның техникалық жағдайына аудит жүргіздік. Оның нәтижесі мұз айдынының қалыпты жұмыс істей алатынын көрсетті. Бұдан бөлек, бұл нысанның модернизация концепциясын бекіттік. Қазір оны жобалауды бастаймыз. Мұз жасау жүйесі жаңартылды, енді "Медеудің" инженерлік және басқа да инфрақұрылымын жаңарту қажет", – деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, жүргізілген аудит мұз айдынының сенімділігін растаған. Мұз айдынына барғысы келетіндер үшін арнайы камералар орнатылған, бұл демалушыларға адамдар аз уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Досаевтың айтуынша, "Медеу" Алматының символы болып қала беруі тиіс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная