Марат Хасенов Көкшетау әуежайының директоры болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақмола облысы әкімдігінің сайтынан Сурет Ақмола облысы әкімдігінің сайтынан

Марат Хасенов "Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы" АҚ директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Марат Хасенов "Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы" АҚ директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық әуежайдың басшысы Дәулет Хамзин "Көкшетау қаласының халықаралық әуежайы" АҚ жаңа директоры Марат Хасеновті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа таныстырды.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде Көкшетау қаласының әуежайында "СКАТ" АҚ-ның Ақтау қаласына тұрақты авиарейстері - аптасына 2 рейс және "QAZAQ" АҚ-ның Алматы қаласына аптасына 3 рет рейстері орындалады.

Марат Хасенов "Азаматтық авиация академиясы" АҚ-ны 2007 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы "Халықаралық әуежайы" АҚ-да тексеру қызметінде бастаған.

2007-2009 жылдары "Эйр Астана" АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

2009 жылы Көлік және коммуникация министрлігінің әуежайлар басқармасының бас сарапшысы болған.

2015 жылы "Петропавл халықаралық әуежайы" АҚ директоры болып тағайындалды.

2020-2021 жылдары Turkistan International airport ЖШС директоры болды.

2021-2022 жылдары - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-да инфрақұрылым департаменті директоры болды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная