Маңғыстау әкімдігі Бозжыраға неге арнайы техника келгенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: inaktau.kz Фото: inaktau.kz

Маңғыстау облысының әкімдігі Бозжыра шатқалына неге арнайы техника келгенін түсіндірді. Шенеуніктердің айтуынша, Бозжырада топырақтың геологиялық жағдайын анықтау үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының әкімдігі Бозжыра шатқалына неге арнайы техника келгенін түсіндірді. Шенеуніктердің айтуынша, Бозжырада топырақтың геологиялық жағдайын анықтау үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірнеше күн бұрын куәгерлер Бозжыра шатқалында тұрған жұмысшыларға арналған арнайы техника мен контейнерлерді суретке түсірген.

"Бұл құрылыс техникасы – топырақтың геологиялық жағдайын анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізетін бұрғылау қондырғысы. Мамандар топырақ үлгілерін зертханаға жіберіп, зерттеу үшін іріктейді. Қорытындысы бойынша жер бедері, топырақ пен жер асты суларының ерекшеліктері мен сипаттамалары зерттеліп, геологиялық ортаның өзгерісі талданып, бағаланып, болжанады", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Әкімдіктегілер Бозжыраның ерекше қорғалатын аумағында жұмыстар жүргізілмейтін айтты.  Инвесторлардың айтуынша, шатқалдағы туристік нысанның жобасы Жабайұшқан қорықшасынан тыс, "азулардан" төрт шақырым қашықтықта жүзеге асырылады, бұл дегеніміз тауға аталған қашықтықта ешқандай құрылыс техникасы жақындамайды деген сөз.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында қазақстандықтар Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалын қорғауды талап еткен болатын. Мұнда "Бозжыра сафари-отель" бутик-қонақүйін салу жоспары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная