Лоукостер Нұр-Сұлтаннан Ақтөбе мен Оралға рейстер ашады

Қазақстандық лоукостер Нұрсұлтан Назарбаевтан Ақтөбе мен Оралға жаңа рейстер ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі FlyArystan әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 маусымнан бастап бейсенбі және жексенбі күндері Нұр-Сұлтан - Ақтөбеге рейстер ашылады. Билет бағасы 8 000 теңгеден басталады.

Нұр-Сұлтан - Орал бағыты бойынша әуе рейсі 2022 жылдың 21 мамырында іске қосылады. Бұл бағытта ұшақтар дүйсенбі және сенбі күндері ұшады. Билет бағасы 11 500 теңгеден басталады.

"Билеттерді брондау кезінде тарифтік пакеттерге назар аударыңыз, осылайша сіз жолжүгі бар билеттерді 60 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала аласыз", - деп еске салады әуекомпания.

Билеттер брондау мобильді қосымшада және әуетасымалдаушының сайтында қолжетімді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.