Лоукостер 1 сәуірден бастап Ақтау-Баку рейсін ашады

Лоукостер Ақтау-Баку әуе рейсінің ашылғанын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. Әзербайжан астанасына тікелей рейстер 1 сәуірде басталады.

FlyArystan әуекомпаниясының дерегіне сәйкес, рейстер жұма және жексенбі күндері Airbus A320-да орындалады. Билет құны 19 999 теңгеден басталады. Компаниядағылар брондау кезінде Әзербайжанға кіру талаптарымен мұқият танысуға кеңес береді.

Бұған дейін Ақтау-Баку бағыты бойынша аптасына үш рейс қалпына келтірілген болатын. Алматыдан Бакуге де сонша рейс ұшады. Бұл рейстерді AZAL-4 және "Эйр Астана" орындайды.

Сондай-ақ, Ақтаудан аптасына төрт рет Ыстамбұлға (Түркия), Үргенішке (Өзбекстан), Тбилисиге (Грузия), Ереванға (Армения) екі рейс және Мәскеуге (Ресей) аптасына бір рейс ұшады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!