Іле Алатауында жоғалған туристер құтқарылды

25 наурыз күні таңертең екі жас жігіт пен бір қыз "Өткел - Жусалы" шатқалы - Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша тауға шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес сол күні сағат 14:30-да туристердің бірі Ақтау қаласында тұратын ағасына қоңырау шалып, "Алма-Арасан" бұлағына жетпегенін, бағытын басқа жаққа өзгертіп, байланыс болмағанын айтты. 26 наурызда сағат 00:10-да РЖҚЖ көмекке шақырылды. Түні бойы туристерді іздеу жұмыстары жүргізілді.

"Сағат 9:40-та РЖҚЖ құтқарушылары "Өткел" шатқалынан зардап шеккендерді тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Тауға шыққанда жақындарыңызға немесе туыстарыңызға әрқашан маршрутыңыз бен қайтатын уақытыңызды хабарлап отырыңыз", - деді құтқарушылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!