Қызылордадан Алакөлге дейін пойыз бағыты ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: "Пассажирские перевозки" Көрнекі сурет: "Пассажирские перевозки"

2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын көбейтіп, 4,2 миллионнан аса адамды тасымалдауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын көбейтіп, 4,2 миллионнан аса адамды тасымалдауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздар Алакөл көлі бағытында 12 бағыт бойынша жүреді: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан. Сондай-ақ, биыл алғаш рет Қызылордадан туристік танымал орынға пойыз қатынайтын болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары 10 бағыт бойынша, ал жеке тасымалдаушылардың пойыздары екі бағыт бойынша қатынайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын "ең алдымен ауа баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан" құратыны айтылған. Бұл туралы компания басшылығының Алматыда өткен Алакөл көлі бағытында жазғы тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша туристік операторлар және демалыс базаларының иелерімен кездесуінде белгілі болды.

Алакөл бағытындағы пойыздар танымал туристік станциялар – Жалаңашкөл, Ақши және Бескөлге тоқтайды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі Қызылорда-Алакөл бағыты бойынша нақтырақ мәліметтер кейінірек беретілетінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная