ҚТЖ "Қызылорда-Семей" бағыты бойынша жаңа вагондарды іске қосты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
9 сәуірден бастап бұл бағытта жаңартылған пойыз жүреді. "Жолаушылар тасымалы" мәліметінше, барлығы 44 вагон ауыстырылған, оның 29-ы купе, 15-і плацкарт.
Оларда ауаны баптау жүйесі, ауаны тазарту сүзгілері, түтін детекторлары, биодәретхана, сондай-ақ тамбурларда бейнебақылау орнатылғаны көрсетілген. Бөлім электр розеткалары және USB қосқыштарымен жабдықталған.
Фото "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі
№21/22 Қызылорда – Семей пойызы күн сайын қатынайды. Компания мәліметінше, жолаушылар пойызы бір жаққа орта есеппен 528 жолаушыны тасымалдай алады.
Фото "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі
Сонымен қатар, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда – Семей және Алматы – Сарыағаш бағыттарында қолданылатын 12 вагон жеткізіледі деп күтіледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!