Қытаймен шекарада автомобиль өткізу бекеттері 1 күнге жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері 6 шілдеде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан астанасы күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндердің барлығынан белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!