Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы жеті табиғи аумақты қамтиды. Мұнда бір жарым мыңға дейінгі өсімдік түрлері өседі, бай жануарлар әлемі өз алдына. Жергілікті жартастар тылсым сұлулығымен көз тартады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге олардың шығу тегіне қатысты аңыз-әңгімелермен бөліседі.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы Батыс Тянь-Шаньның солтүстік-шығысында орналасқан, оны Қаржантау, Өгем және Боралдайтау тау жоталары, сондай-ақ Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдері қоршап тұр. Саябақта көптеген өзендер, атап айтсақ, Өгем, Қасқасу, Сайрамсу, Бұрғылық, Көкбұлақ, Бадам және Машат.
Сурет google maps сайтынан
Жазық пен биік таулы табиғи аймағында бір жарым мыңнан астам өсімдік түрлерін кездестіруге болады, олардың 240-ы Қызыл кітапқа енген. Мұнда сіз Альберт жыланқияғын, согдий шағанын, Янчевский қарақатын, жүзім, жабайы алма, жаңғақ, қараөрік, алмұрт, қызғалдақ пен пияздың жабайы түрлерін кездестіре аласыз.
© Arman Baisadykov
Саябақтың жануарлар әлемі алуан түрлілігімен таң қалдырады. Мұнда сіз аңшылардың кіруіне тыйым салынған қорғалатын аумақта тыныш өмір сүріп жатқан жайра, борсық, қабан, аю, қасқыр үйірлерін топ-тобымен кездестіре аласыз. Тауларда еліктер мен тауешкілері секіріп жүреді. Қаратау арқарлары көктемде Боралдай жотасының оңтүстік беткейлерінде жиі пайда болады. Сәтін салса, планетадағы ең сақ жануарларды - түркістандық сілеусін мен қар барысын көруге болады.
Мұздай таза суы бар таулар, терең өзендер, сарқырамалар, таулы көлдер бұл аймақтың ерекше ландшафтын құрайды.
Қызықты дерек
Саябақтың аумағында жартастағы суреттер немесе петроглифтер, діни ғимараттар, әртүрлі тарихи дәуірлердегі қоныстар мен қорымдар табылды, бұл мәдени және тарихи ескерткіштердің барлығы жеткілікті зерттелмеген және археологтар мен ғалымдарды күтуде. Себебі, Ұлы Жібек жолы дәл саябақ аумағынан өткен, нәтижесінде тарихи ескерткіштер керуен жолының бойында сақталып қалған.
© Arman Baisadykov
Мұнда қарлы шыңдарды, теңіз деңгейінен төрт мың метрден асатын Сайрам шыңын (4238 метр), 2100 метр биіктікте орналасқан биік таулы Мақпал көлін, Қырыққыз шыңымен немесе сыртынан қарағанда қол ұстасып билеп тұрған қырық арудың бейнесіндей көрінетін Қырық қыздың сұлулығын тамашалауға болады. Бұл - табиғи үшкір тастар.
Әр тас бөлек-бөлек орналасқан және бір-біріне ұқсамайды. Олар бір кездері тура қырық тас болған дейді. Бірақ қазір тек 20-ға жуығы қалған, олардың арасында үлкенді-кішілі, алуан түрлісі, ерекше пішінімен де таң қалдыратындары бар.
Жергілікті тұрғындар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ескі аңызды жыр ғып айтады.
©Arman Baisadykov
Есте жоқ ерте заманда бұл аймақта алаңсыз, қамсыз бір қауым ел өмір сүріпті. Олар аңшылықпен және терімшілікпен айналысып, дүние мен байлыққа құнықпай өмір кешкен екен. Олардың бір қадір тұтқаны - тек бостандықта өмір сүргендері екен.
Бір кездері бұл жерге осы елді жаулап, шүйгін шөпті жайылымдары мен асқақ таулар суық желден де қорғап тұрған жайлауларын тартып алмаққа жергілікті билеуші, зұлым патша келеді.
Ханның әскерлері қарт кісілер мен балаларды қырып салып, қырық сұлуды өздерімен бірге күңдікке әкетпекші болады. Хан әскерлерімен өткелден аса бергенде, оларды бір ақсақал атпен қуып жетіп, алдарын орайды. Әскері ханның мазасын алған шалды ұстап алып, қан-жоса қылып сабамақ болғанда, әлгі ақсақал сол мезетте тасқа айналады. Ақсақалдың артынан қырық сұлу да сол заматта тасқа айналып, өздеріне төнгелі тұрған азапты өлімнен осылай құтылыпты-мыс. Хан жоғалады, оның орнында қалған төбеті иесін күте-күте, ол да тасқа айналыпты. Ит ханды соңғы рет көрген жерінде қалып, мәңгілік қорғауға айналыпты.
© Arman Baisadykov
Әскері қару-жарағын тастай салып, олжаға да қарамай, бас сауғалап қашыпты. Олар қорыққандарынан қолдарын оңды-солды сермей беріп, қара қарғаларға айналып, ұшып кеткен екен. Содан бері осы өткелде ақсақал мен қырық сұлудың тас мүсіндері қалыпты. Жаңбыр басталса, Қырыққыздың үстімен қара қарғалар ұша бастайды екен, олар - зұлым ханның сужүрек әскерлері.
Қызықты дерек
Дәл осы таулар Шымкент пен оған жақын аудандардың тұрғындарын мөлдір ауыз сумен қамтамасыз етеді екен.
©Arman Baisadykov
Туристер үшін кез келген талғамға және әртүрлі шыныққан адамдарға көптеген түрлі бағыттар ұсынылады. Саябақтың әсемдігін көруге мүмкіндік беретін 11 тур ұйымдастырылады. Әсіресе, келушілерге Науытсай және Бұрғылық шатқалдарына, Сайрамсу өзенінің аңғарына саяхат және Сусынген көліне экскурсия сияқты бағыттар өте ұнайды екен. Турлар ұзақтығына байланысты жаяу немесе ат үстінде өткізіледі.
Табиғат пен құстарды тамашалуды сүйетіндерге "Құстар базары" атты арнайы тур ұсынылады, бұл жеті шақырымдық маусымдық серуендеу бағыты болып табылады. Саябақтың барлық туристік бағыттарын мына жерден көруге болады.
© Arman Baisadykov
Сіз Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи жылдың жылдың кез келген маусымында келе аласыз, мұнда көлік жүйесі жақсы дамыған. Ең жақын ірі қала - Шымкентке дейінгі арақашықтық 70 шақырым ғана. Жергілікті тұрғындар туристерді қонақүйлерге орналастырады, бұл оларға жергілікті ұлттық дәстүрлермен танысуға, хош иісті шай ішуге, жергілікті тағамдардан дәм татуға және ауыл өмірінің тыныштығын тамашалауға мүмкіндік береді.
© Arman Baisadykov
Қалай жетуге болады
Саябақ Оңтүстік Қазақстан облысында, Төлеби ауданында, таулы аймақта орналасқан.
Сізге Шымкенттен Ақсу қаласына қарай Ленгерге бұрылу керек. Онда әскери комиссариат ғимаратына қарама-қарсы Экотуризм және экожүйені бақылау орталығы орналасқан "Айсұлу" кафесі орналасқан. Мұнда олар саябаққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, бағытыңызды таңдауға көмектеседі.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.