Ош тұрғыны Мамыт Таштанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға велосипедпен шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ош қалалық мэриясының баспасөз қызметі мәліметінше, 74 жастағы зейнеткерді бейсенбі күні орталық алаңда жолға шығарып салған.
Ол 2016 шақырым қашықтықты жүріп өтуге ниетті екені айтылған.
"Іс-шараның мақсаты - түркітілдес елдер халықтарының достығын нығайту және спортпен шұғылдануға шақыру", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Екі жыл бұрын Таштанов Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына велосипедпен барған болатын.
Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8 мен 13 қыркүйек аралығында өтеді және оған 89 елден қатысушылар келеді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!