Қырғызстандық турист қыз Алматы маңындағы таулардан табылды

Іле Алатауының тауларында ТЖМ құтқарушылары Қырғызстаннан келген туристі құтқарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қарашада Қырғызстан азаматы Іле Алатауы тауларындағы Бутаковка шақалынан түсу кезінде аяғын жарақаттап алған. Таңғы сағат 4-те республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы аяғы үсіп қалған қызды тапты.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, оны шатқалдан төмен түсірді.

"Тауға жалғыз бармаңыз және жақындарыңызға қалаға оралу уақыты туралы эскертуді ұмытпаңыз", - деп ескертті баспасөз қызметінің өкілдері тауға барғанда қауіпсіздік шараларының маңыздылығы жайында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!