15 мамыр 2024 16:27

"Еш қиындықсыз рәсімдеймін": Алматыда блогер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

видео кадры

Алматы полициясы азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімдеп беремін деп жалған уәде берген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімдеп беремін деп жалған уәде берген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды оп-оңай, кедергісіз рәсімдеп беруге уәде берген.

"22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. "Қызметі" үшін алдын ала 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40", – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Реклама
Реклама

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама