Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ тілек – автожол» бақылау өткізу бекетінде 410 көлік бөгеліп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ҰҚК Шекара қызметі Ақпарат және коммуникация басқармасына сілтеме жасап.
Биыл 23 қазанда сағат 12.00-дегі жағдай бойынша шекаралық бақылаудан өту үшін аталған
бақылау өткізу бекетінде 410 жүк көлікті кезекте тұр.
Соңғы тәулікте «Ақ-тілек – автожол» өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға Кант цемент зауытының өнімдері бар жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін есептемегенде 297 жүк көлігі шықты. Бірақ өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларына қарамастан бақылау өткізу бекетінде көліктер кезекте тұр.
«Жүк көліктерінің кептелісі маусымдық сипатқа ие. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар экспортының ұлғаюымен байланысты. Қырғызстан мен Қазақстанның шекара қызметтері тарапынан жүк көліктері үшін шектеу жоқ. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!