Күздің басында туристер Қазақстанның қай қаласын жиі таңдады?

Қазақстанда күздің басында шетелдік туристер арасында ең көп баратын қандай қалалар болды? Бұл сұрақтың жауабын Tengritravel.kz тілшісіне Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.

E-Qonaq жүйесінің мәліметтері бойынша, қыркүйекте шетелден келген қонақтар Алматыны жиі таңдаған (46 431 шетелдік турист). Одан кейін Астана (22 761 шетелдік турист) және Алматы облысына (8554 шетелдік турист) келуді жөн көрген.

Ведомствоның баспасөз қызметі қыркүйекте шетелден келген қонақтар арасында Атырау (8070 шетелдік турист), Ақтау (6667 шетелдік турист) және Шымкент (4718 шетелдік турист) сияқты бағыттар да танымал болғанын атап өтті.

Айта кетейік, өткен сейсенбіде үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3 миллионнан астам қазақстандық ел ішінде саяхат жасағанын, бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 400 мың адамға көп екенін хабарлады. 2023 жылдың соңына дейін ішкі туристер саны 9 миллион адамға жетеді деп болжанып отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!