Енді "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" станцияларының атаулары сәйкесінше "Астана" және "Нұрлы жол" деп аталатын болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциясы мен разъезінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан темір жол станциясын - Астана темір жол станциясына;
Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын - Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.
Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді:
- Жетісу облысы:
"БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне; - Қызылорда облысы:
Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына; - Маңғыстау облысы:
Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі Боздақ темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына; - Атырау облысы:
Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!