Менің елім 10 мамыр 2024 09:55

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында ауырып қалған қызға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген.

"Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді", - делінген хабараламада.

Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылғаны айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также