ТЖМ тауға серуендеуді жоспарлаған қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертіп, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге қауіп-қатерден аулақ болуға және олардың өмірін сақтауға көмектесетін бірқатар ұсыныстарды жариялады:
- Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
- Сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін.
- Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
- Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.
- Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
"Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!