Әлеуметтік желілерде жабайы қабанның тау-шаңғы курортында сноубордшыларға шабуыл жасағаны туралы видео таралған. Оқырмандар видеоның қазақстандық "Шымбұлақ" курортында түсірілгенін айтады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Tengritravel.kz тілшісі курорт әкімшілігіне хабарласты.
Танымал видеоны миллионнан аса адам қараған. Видеоны таратқан адам оның Алматыда түсірілгенін атап өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарияланған видеоға көптеген оқырман пікір білдірген. Кейбіреулері оны Қытайда түсірілгенін айтып, желіге салған адамды жалған ақпарат таратты деп айыптады.
Курорт өкілдері де видеоның Шымбұлақта түсірілгенін жоққа шығарды. Айтуларынша, видео шамамен бір жыл бұрын Жапонияда орналасқан басқа тау-шаңғы курортында түсірілген.
"Видео Шымбұлақта емес, шамамен бір жыл бұрын Жапониядағы тау-шаңғы курортында түсірілген. Бұны курорт аумағына қарап, ондағы тақтайшалардағы жазуларға қарап, байқауға болады", - деп атап өтті курорт әкімшілігі.
Оның шын мәнінде қайда түсірілгенін анықтауды жөн көрдік. Бұл видео өткен жылдың ақпан айында Жапонияның орталық бөлігіндегі Меко қаласындағы Альпен Блик тау-шаңғы курортында түсірілгені белгілі болды. Оқыс оқиғадан салдарынан демалушылардың ешқайсысы зардап шекпеген, дегенмен бәрі қатты қорқып қалған.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқандарға бірқатар жаза қолданылады. Атап айтқанда оларға айыппұл салынады. Сонымен қоса қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, кей жағдайда бас бостандығынан айырылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!