Алматы әуежайы арқылы елге орала алмайтын туристер Нұр-Сұлтан әуежайына қайта бағытталады. Оларды Алматыға темір жол көлігімен жеткізеді.
Осыған байланысты, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық вокзалдарға арнайы автобустармен туристер трансферін ұйымдастырды. Вокзалдардағы билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейді.
Уәкілетті орган туристердің келуі туралы ақпаратты ұсынуына қарай Нұр-Сұлтаннан жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыратын болады.
Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша және Қазақстанның барлық бағыттарына жүреді. Барлық пойыздарға т/ж билеттері бар. Нұр-Сұлтаннан шығатын пойыздарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапшылығы жоқ.