ҚТЖ өкілдері пойыз билеттерінің "шарықтап" кетуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің өкілдері БАҚ-та жарияланған "Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы қымбаттады" деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің өкілдері БАҚ-та жарияланған "Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы қымбаттады" деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Осыған дейін БАҚ өкілдері Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтеріне сүйеніп, Қазақстанда бір жылда темір жол билеттерінің бағасы 27 пайызға өскенін хабарлаған еді. Әсіресе бағаның өсуін Шымкент тұрғындары сезген. Оңтүстік мегаполисте пойызбен жүру құны шамамен 80 пайызға өскен.

ҚТЖ өкілдері бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Облысаралық қатынаста және қала маңы қатынасында жүретін бірқатар пойыздарда әлеуметтік маңызы бар маршруттарға билеттер бағасының шекті деңгейі "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңына сәйкес және ИИДМ келісімі бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға индекстелді және содан бері өзгерген жоқ", - деп хабарлады оператор.


Фото ©Тұрар Қазанғапов

Сондай-ақ, ҚТЖ "Жолаушылар тасымалы" қосымша қызметтер көрсетілетін және шығарылғанына12 жылдан аспайтын қазіргі заманғы вагондардан қалыптастырылатын фирмалық маршруттар санын ұлғайғанын атап өтті.

"Осыған байланысты Маңғыстау - Семей және № 77/78 Алматы - Маңғыстау қатынасымен № 37/38 поездарға билеттердің құны фирмалық поездың тарифі бойынша қалыптастырылады.

Бұл ретте билеттерді ерте сатып алу кезінде (45 тәулік ішінде) билет құнының 25 пайызына дейін жеңілдік беретін динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданылады. Сондай-ақ, "Алтын", "Күміс", "Жастар" және "Саяхатшы" жеңілдік карталарының иелері - жолаушыларға 10-нан 25 пайызға дейін жеңілдік беріледі, - деп темір жол саласының мамандары.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жол жүру жеңілдіктері көзделген: әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша - билет құнының 50 пайызында, арнайы купедегі "Тальго" коммерциялық маршруттары бойынша - 70 пайызында.

"7 жасқа дейінгі балалар ересек жолаушының сүйемелдеуімен поезда орын алмай тегін жүре алады, 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған", - деп қорытындылады ҚТЖ өкілдері.

Осыған дейін Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы күрт төмендеуі мүмкін екені де айтылды. Бас кқлік прокуратурасы әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная