ҚТЖ-дан лайфхак. Наурыз айына билеттерді қалай тез алуға болады?

Жаңа жылдық мерекелер аяқталғаннан кейін Әз-Наурыз жақындап келеді. Ұлттық мерекеде адамдар саяхаттауды немесе көптен көрмеген туыстарына баруды жоспарлайды. Сонымен наурыз айына пойыз билетін қалай сатып алуға болады? Бұл сауалға ҚТЖ жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Компания атап өткендей, наурызда көптеген қазақстандық басқа қалаларға жиі сапар шегетіндіктен, пойыз билеттері тез сатылып кетеді. Бұл ретте ең танымал бағыттардың бірі – "Алматы-Астана", "Астана-Павлодар", "Астана-Қарағанды" және "Астана-Қостанай".

ҚТЖ мереке күндері пойыз билеттерін қалай алып үлгеруге болатынын айтып берді.

Билеттерді алдын ала сатып алыңыз

Қазақстандықтарға сапарларын алдын ала жоспарлап, пойыз билеттерін ертерек сатып алуға кеңес беріледі. Қазірдің өзінде наурыз айының билеттері сатыла бастады. Мысалы, билетті bilet.railways.kz сайтынан тікелей сатып алуға болады немесе вокзал кассаларына жүгінуге болады. Жолаушылар пойыздарына жол жүру билеттерін белгіленген сапардан 45 күн бұрын алдын ала сатып алуға болатынын ескеріңіз.

Билетті онлайн сатып алып, ақшаңызды үнемдей аласыз

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, билеттерді bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алғанда ешқандай комиссия қосылмайды.

Жаңа билеттердің пайда болуын қадағалаңыз

Кейде мереке күндерге немесе сізге қажет күндерге барлық билет сатылып кететіндей жағдайлар болады. ҚТЖ бұл мәселенің де шешімі бар екенін атап өтті.

"Билеттер саны шектеулі болады. Сондықтан үнемі bilet.railways.kz сайтын қадағалап отыру керек. Себебі кей жолаушы билетін қайтарып жатады. Сонымен қоса билетті "күту парағы" арқылы сатып алуға болады. Бұл қызмет арқылы жол жүру билеттерін таба алмаған жағдайда, күту парағына тіркеліп, билетті 7 күн бұрын және пойыз жөнелтілгенге дейін екі сағаттан кешіктірмей сатып алуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ "күту парағына" сайтта да тіркеле аласыз. Орын пайда болған жағдайда жолаушының сайттағы жеке кабинетіне және телефонына билетті сатып алу жөнінде СМС-хабарлама келеді", - деп толықтырды компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бұл қызметті билет кассасында тегін пайдалануға болады.

Бұдан бөлек билет мүлдем табылмаған жағдайда кейбір мекеме белгілі бір күнге хабарландыру жіберу қызметін ұсынады. Қызметке қосылған кезде телефоныңызға билеттер қайта сатыла бастағаны туралы СМС-хабарлама келеді.

Ақпаратты нақтылаңыз

Жолаушылар қажетті ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, KTZH_PP_BOT Telegram-боты және @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы тегін ала алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!