Қостанай-Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қостанайдан Алматыға ұшып шыққан FlyArystan әуекомпаниясының рейсі бортында ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдан Алматыға ұшып шыққан FlyArystan әуекомпаниясының рейсі бортында ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Әуекомпаниясы Қостанай-Алматы бағытындағы KS7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлағанын хабарлады. Осыған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған.

Бортсеріктер жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексерген, бірақ тіршілік белгісін таппаған. Нұсқауларға сәйкес экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастап, бортта дәрігер іздеуге кірісті. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған

"Командирдің шешімі бойынша, жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуекомпаниясының бортсеріктері әуежайға келгенше жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген әуекомпаниясының хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная