Менің елім 05 маусым 2024 15:09

Косшының сұлулығы әуеден видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желілерде Қосшыны түсірген қазақстандықтың видеосы көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Қосшыны түсірген қазақстандықтың видеосы көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оларды 37 жастағы Ералы Рақымжан Instagram-парақшасында жариялады. Мобилограф күнделікті қарбаластан ерекше көріністерді байқап, түсіріп алады. Нәтижесінде бәріне таныс жерлерді жұмбақ әрі беймәлім қырынан көрсетеді.

Видео астында ондаған пікір бар, қолданушылар "міне, Қосшы туралы да бірнеше рет қарауға тұрарлық тамаша видеолар түсіріліп жатыр" деп жазған.

"Керемет", "Шынымен, өте әдемі", "Енді қыстағы көрінісін көрсетіңіз", "Видео әдемі, бірақ онда тұру онша әдемі емес", - деп жазды пікір қалдырғандар.

Ералы Рақымжан тілшімен қысқаша сұхбатында мобилографиямен 2020 жылдан бері айналысатынын айтты. Хобби жұмысына айналған. Ер адам Қосшыда тұрады және гимназиялардың бірінде бейнеоператор болып жұмыс істейді.

"Мен мамандығым бойынша әншімін. Әлемге танымал әртіс болуды армандаймын. Қазір қызықты және пайдалы контент жасауға тырысып жүрмін. 2020 жылдан бастап ұялы телефонға видео түсіре бастадым. 2023 жылы дрон сатып алып, онымен роликтер жасай бастадым, биыл да сапалы видеолар түсіру үшін кәсіби камера сатып алдым", - деді Ералы Рақымжан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!