Көк Жайлау шатқалында жас турист құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ТЖМ сайтынан Сурет ТЖМ сайтынан

Көк Жайлау шатқалынан түсе алмаған туристке құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Көк Жайлау шатқалынан түсе алмаған туристке құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 13 тамызда түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шықты. 2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кетіп, оның телефоны өшірулі болған.

"Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған. Сағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын бағытыңызды, ауа райын зерттеңіздер, туыстарыңызға немесе таныстарыңызға өздеріңіздің бағытыңыз және қалаға оралу уақытын айтып кеткен жөн. Сонымен қатар, міндетті түрде өзіңізбен су өткізбейтін пакетте сіріңке мен зарядталған пауэрбанк алып жүріңіздер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная