Кофе ішуге тыйым салған бес ел

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Myriams-Fotos © pixabay.com/Myriams-Fotos

Кофенің қайдан шыққаны әлі күнге дейін құпия. Бұл сусынды тұтыну дәстүрі Таяу Шығыстың алғашқы өркениеттерінен басталатыны белгілі. Бір аңыз бойынша, сусынды Йемендік Шейх Абд-аль-Кадир ашқан. Ол өзінің зерттеу жұмыстарының бірінде кофе ағашының жемісін байқап қалады. Еуропаға келетін болсақ, мұндағы алғашқы шыныаяқ кофені 1626 жылы Римде папалық Нунций Делла Валле ұсынған.


Иконка комментария блок соц сети

Кофенің қайдан шыққаны әлі күнге дейін құпия. Бұл сусынды тұтыну дәстүрі Таяу Шығыстың алғашқы өркениеттерінен басталатыны белгілі. Бір аңыз бойынша, сусынды Йемендік Шейх Абд-аль-Кадир ашқан. Ол өзінің зерттеу жұмыстарының бірінде кофе ағашының жемісін байқап қалады. Еуропаға келетін болсақ, мұндағы алғашқы шыныаяқ кофені 1626 жылы Римде папалық Нунций Делла Валле ұсынған.

Кофе сусынының танымалдығы мен таралуымен қатар оның қарсыластары да пайда болды. Кейде бұл сынның қатты күшейгені сонша, кей мемлекет тыйым салған. Біздің бүгінгі мақаламыз дәл осы туралы болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Швеция

Швеция билігі 1746 жылы кофеге тыйым салуды сақтықпен қабылдады. Олар жай ғана елдің кофеханаларынан сусын ішуге арналған барлық шыныаяқ пен тағамдарды тәркілеуге бұйрық берді.

Сонымен қатар, Король Густав III тұтқындарға кофе ішуді бұйырды - бұл азаптауға ұқсас болды. Дәрігерлер кофенің әсерінен қылмыскерлердің қаншалықты тез өлетінін бақылауы керек еді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл экспериментте бірінші болып дәрігерлер қайтыс болды, ал сусын ішкен тұтқындар ұзақ өмір сүрді.

Пруссия

Пруссияда Ұлы Фридрих кофеқайнатқыштармен күресудің қызықты тәсілін ұсынды. Билеуші 1777 жылы сыраның кофеден артықшылығын растайтын манифест шығаруға шешім қабылдады. Пруссия королі кофе сусынының арқасында ел тұрғындары сыраны аз тұтына бастады деп қынжылды. Билеушінің өзі сырамен өскендіктен, ол барлық басқа пруссиялықтың таңертең алкоголь сусын ішкенін қалады.

Италия

XVI ғасырда Италияда кофе шайтанның сусыны болып саналды. Барлық жергілікті діни қызметкер оның таралуы мен қолданылуына қарсы болды. Рим Папасы Клементин VIII келуімен жағдай түбегейлі өзгерді. Бірде ол кофенің дәмін татып көрді, сусынның дәмі оны қуантты - діни қызметкер тіпті оны киелі ету керек деп әзілдеді. Содан бері кофе Италия халқы арасында танымал бола бастады: кофеханалар мен оны дайындаудың барлық жаңа тәсілі пайда болды.

Эфиопия

Ислам дінін ұстанушылар бұл сусын адамды мас етеді және босаңсытады деп сенді. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) да кофе ішуге тыйым салған деп есептелді. Қарапайым адамдар кофені апиын шегіп, құмар ойындарын ойнағандарға тән азғындықпен байланыстырды.

Осман империясы

Константинопольде кофе ішуге Мурад IV тыйым салған. Тыйым салуға бағынбағандар үшін өте қатаң жаза қолданды. Егер адам алғаш рет кофе ішіп отырса, оны қатты ұрып тастады. Ал, кофені қайта ішкен адамды былғарыдан жасалған тығыз сөмкеге салып, аузын мықтап тігіп өзенге лақтырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная