Әлеуметтік желі қолданушылары Қарағанды локомотив депосында дизель отынын ұрлады деген күдікке ілінген бірнеше қызметкердің ұсталуына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін қылмыстық сериал стилінде монтаждалған арнайы операция видеосы TikTok-та танымал болып, басқа әлеуметтік желілерде тараған болатын. Көптеген қолданушылар видео "кинодағыдай" екенін айтқан.
Компания видеоға қатысты пікір берді:
"Қарағанды локомотив депосында ішкі тексеру барысында ҚТЖ қызметкерлері локомотив бригадаларының дизель отынын ұрлау дерегін анықтады. Депо басшылығы дронның көмегімен жұмысшыларды қадағалады. Ақпарат уәкілетті органға берілді. Полиция департаментімен бірлесіп Қарағанды - Сұрыптау станциясында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, оның барысында күдіктілер ұсталды. Осындай жұмыс басқа өңірлерде де жүргізіледі", - деп хабарлады компания.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!