Желіде Бозжыра шатқалынан видео пайда болды. Кадрда фильм түсірілгеннен кейін декорациялар мен басқа да реквизиттер даланың ортасында қалғанын көрсетіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Видее авторы - Антон Дикин, маңғыстаулық гид. Ол әлеуметтік желілерде бейнеролик жариялап, Бозжыра шатқалында кино түсірілгеннен кейін қалған қоқысты көрсетті. Кадрларда сынған киіз үй, от қалдықтары, арбаның дөңгелектері және басқа да декорациялар көрінеді.
"Менің көлігімде төрт қап және сынған шатыр бар. Гипсокартон, қоқыс, отын. Егер бұл қорық болса және мұнда от жағуға тыйым салынса, неге отын қалдыру керек? Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Бұл жерде түсірілім болғанын білдім. Мен осында шамамен 17-сінде болдым, түсірілім әлі де болып жатқан. 20-сында келгенде қоқысты көрдік, бірақ түсірілім тобында ешкім болған жоқ. Мен сол кезде қоқысты, бірнеше сөмкені шығардым, енді тағы бірнеше сөмкені алып бара жатырмын", - дейді Антон.
Сонымен қатар, Антон "Тирамису" деп аталатын Қызылқұм каньонына әкелінген құрылыс қоқыстарын көрсетті.
Режиссер Асқар Ұзабаев видеоға жауап берді. Ол бұл жерде шынымен кино түсіргенін айтты, бірақ түсірілім тобының барлық декорацияны шығаруға уақыты болмапты.
"Біз шынымен түсірдік, кішкене декорация жасадық. Кеше түнгі сағат үште түсірілімді аяқтадық, келдік, ұйықтадық. Қазір біздің өнер тобымыз декорацияның қалдықтарын алып, бәрін түсірілімге дейінгі қалпына келтіру үшін сол жерге оралады. Рақмет. Біз шын мәнінде саналы адамдармыз және қоқыс қалдырмаймыз", - деп жауап берді ол.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!