Қазақстандықтар Алматы облысы Кеген ауылының жаңа суреттерін бөлісті. Бұл жер таңғажайып ландшафттарымен әйгілі, әсіресе жергілікті тұрғындар "мұз жанартауы" немесе Мұзтау ("мұзды тау") деп атайтын әсерлі көрініс көздің жауын алады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі желі пайдаланушыларының осы қыста жасаған суреттерін іріктеді.
Мұзтау Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында, Алматыдан шамамен 250 шақырым жерде орналасқан. Алматылықтардың айтуынша, көлікпен шамамен төрт сағатты жетуге болады. Таңғажайып айсберг қыста артезиан суының ағуынан қалыптасады. Ол 200 метр тереңдіктен көтеріліп, қатып, биіктігі 14-15 метрге дейін мұз бағанасын құрайды. Су бағанынан шығатын бөлшектер буланған буға ұқсайды, бұл оны жанартау деп атауға себеп болады. Желі пайдаланушыларының байқауынша, жанартау туралы екі жыл бұрын ғана белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жергілікті гид Виталийдің айтуынша, туристер ағынының өсуіне байланысты тұрғындар шағын бизнес құруға тырысып жатыр. Біреу тәттілер сатады, біреу ыстық шай ұсынады, біреу туристерді атқа мінгізеді.
"Бұл жерде қазақ даласының қарапайымдылығы, махаббаты мен қамқорлығы ерекше сезіледі", - деп атап өтті алматылық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Таңғажайып табиғи жерге барғандар оның керемет сұлулығын атап өтеді. Туристер Кеген ауылының әдемі пейзаждарының басқа суреттерін де жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі пайдаланушылары туристердің әсерлі суреттеріне таңғалып жатыр.
"Шын мәнінде қуантадыт Әлемде тағы қанша керемет бар", " Керемет. Өте қызықты орын", "Шынында да, таңғажайып", " wow! бұл қайда, не және қалай", - деп жазды олар.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!